Қостанай облысында құны 400 млн теңгеден асатын жылқы фермасы салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында құны 400 млн теңгеден асатын жылқы фермасы салынды

Қостанай облысында құны 400 млн теңгеден асатын жылқы фермасы салынды

Қостанай облысында Алтынсарин ауданында Щербаково селосында "Темте" жылқыға арналған бордақылаушы кешенді іске қосты, деп хабарлады аудандық әкімшіліктен.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 697
Фото - Caravan.kz

Жобаның жалпы құны — 418,5 млн теңге, бұл соманың 68,5 млн теңгесі компанияның өз қаржысы, қалғаны қарыз алынған ақша. Жылқы фермасының қуаттылығы 500 мал басы болмақ.

Бордақылаушы кешен деген төрт базадан құралған өндірістік орын, онда сонымен қатар ветеринарлық дәріхана, мал союға арналған цех, санитарлық өткізгіш және мал қорымы сияқты қосалқы ғимараттар бар.

"Темте" ЖШС 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізгі қызмет түрі –ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру.