А.Яценюк Киев аймақтармен диалог өткізуге дайын екенін мәлімдеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Яценюк Киев аймақтармен диалог өткізуге дайын екенін мәлімдеуде

А.Яценюк Киев аймақтармен диалог өткізуге дайын екенін мәлімдеуде

Орталық билік аймақтармен диалог өткізуге ғана емес, Украинаның әр тұрғынының заңды талаптарын орындауға әзір, деп мәлімдеді премьер-министр Арсений Яценюк жұмада Донецк облысының әкімшілік-шаруашылық активімен болған кездесу барысында.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 434
Фото - Caravan.kz

Премьер конституциялық реформа жүргізудің маңыздылығын атап өтті, оның айтуынша, оның шеңберінде билік өкілеттілігі жергілікті жерлерге берілмек.

"Облыстық мемлекеттік әкімшіліктер деген институт өткен шаруа", деді ол.

Конституцияны өзгерту аясында біз парламент, президент және министрлер кабинеті арасындағы өкілеттіліктерді реттеп алмақпыз, деді А.Яценюк.