Астанада ерлі-зайыптылар қоқыстан жаңа туған баланы тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ерлі-зайыптылар қоқыстан жаңа туған баланы тауып алды

Астанада ерлі-зайыптылар қоқыстан жаңа туған баланы тауып алды

Астанада қоқыстан жаңа туған шақалақ табылды. Жәшік ішінде жылаған баланы таң алдында үйлеріне қайтып келе жатқан ерлі-зайыптылар көріп, жәдел жәрдем шақыртқан.

  • 12 Сәуiр 2014
  • 507
Фото - Caravan.kz

Талғат Қизаев, Астана қаласының тұрғыны:

– Осы контейнер. 4-інші,контейнер. Ішіне қарасақ бірен-саран пакет жатыр. 3 пакеттің бірі қимылдайды да, ашып қалсақ дүниеге келген нәресте. Қимылдап жатыр, жылап.

Жұқа матаға ғана оралған нәресте далада 2-3 сағат жатып қалса керек.Дегенмен дәрігерлер шақалақтың өміріне еш қауіп жоқ деп отыр. Ал көкек ана көпке ұзамай ұсталды.Баласынан безінген 16 жастағы колледж студенті екен.Өзі де әлі кәмелет жасына толмаған бойжеткен, босанғанын ата-анасынан жасырып, осылай құтылуды ойлаған. Енді қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Ал, анасы жерінген қыз бала қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер Әлфия деп есімін де қойған.


Жазира Әскербекова, Астана қалалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

– Баланың денсаулығы туралы, орталық нерв жүйесінде зақым бар, жүрегінде шум бар. Артериялық протогы жабылды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Жансақтау бөлімінен баланы көшірді. Емуі жақсы. Жағдайы қанағаттанарлық деп айтпаймын, тұрақты.