Атбасарда қызыл судың беті қайтар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасарда  қызыл судың беті қайтар емес

Атбасарда қызыл судың беті қайтар емес

Су астында қалған Атбасар тұрғындарының алды үйлеріне қайта бастады. Дегенмен су шайған баспаналар дәл қазір тұруға жарамсыз. Ылғалдан көбінің қабырғалары қақырай бастаған. Қазір қалада осындай 300-ден аса үй бар. Жалпы еріген қар суының беті қазір біршама қайтқанымен, енді арнасынан асқан Жабай өзені қауіп төндіруде.

  • 12 Сәуiр 2014
  • 468
Фото - Caravan.kz

Атбасарда қазір 9 отбасы мүлдем баспанасыз қалды. Екпінмен келген ағын әсіресе саман үйлердің астан-кестеңін шығарған. Ал баспанасы белуардан суға батқан жерлерде тасқынның беті қайтып, тұрғындар үйлеріне кіріпті. Бірақ, үйлерінің көретін жері жоқ. Сыз тартып, қабырғалары қақырап жатыр.

Гүлбаршын Досымбембекова, Атбасар қаласының тұрғыны

-Жиһаздың бәрі су. Күллі шкафтар су. Біз білмедік мұндай су келетінін. Білмейміз не істейтінімізді. Әкімдіктен  ешкім жоқ.  Түсініп жатырмыз. Көп үй судың астында кетті.

Бұл үйлердің көбі токтан қорқып, электр жарығын ағытып тастапты. Енді үйдегі мүлікті кептіру мүмкін емес. Қазір мұнда апаттан құтқару қызметі жанталаса жұмыс істеуде.

Валерий Петров, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

-256 адамды құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге көшірдік. Ал мыңнан аса тұрғын өз беттерінше жан сақтады. Кеше ғана тікұшақпен ауданды бақыладық. Қазір Атбасарда 600-ден аса құтқарушы жұмыс істеуде. Бүгін тағы 350 адам мен 80 техника жіберіледі. Олар тұрғындарға үйлерді қалпына келтіруге көмектеседі.

Бірақ, жығылған үстіне жұдырық болып, енді арнасынан асқан Жабай өзенінің суы қаланың екінші бетіндегі үйлерді басып қалған. Қазір су кірген баспаналардың саны 300-ден асты. Арасында орта мектеп те бар.


-Мынау Атбасар қаласындағы  1-ші мектептің бірінші қабаты. Мұнда химия кабинеті, спорт зал және шеберханалар орналасқан. Сырттан мектепке су лап қойған кезде, бір метрге дейін көтерілген.Қазір балалар оқып жатқан жоқ.

Деңгейі 1 жарым метрге дейін көтерілген су мектептің ішіне дейін кіріп кеткен. Қазір Атбасардағы 3 бірдей білім ошағында сабақ тоқтады. Ал тұрғындарға дәрігерлік, психологиялық көмек көрсетілуде. Бірақ, арнайы комиссия барлығының бүлінген дүниесін түгендеп, шығынын есептеп үлгермей жатыр екен.

Сүйіндік Ахмаров, арнайы комиссия мүшесі:

-Үлгере алмай жатыр. Алдында бәрін айналып шықты ғой. Мына үйдің бәрі суда тұрған онда. Қазір жүріп жатырмыз үйлерді жағалап. Суда несі кетті соны жазып жатырмыз. Әкімдер көмектесеміз деп жатыр ғой.

Қала ішінде жолдардың езіліп жатқаны сонша, аудан әкімінің өзі үй-үйді аралап жүріп джипімен батып қалды. Құтқарушылар жанталасып Жомарт Нұркеновтың көлігін сүйреп жүр.АлЖабай өзені арнасынан асқанда көрші Борисовка ауылының жолын түгел басы қалып, бірнеше үйді су алып кеткен. Бірақ, ондағы жұрттың халін білуге қатынас жоқ.