Астанада ер адам «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздың астына қалып, қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ер адам «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздың астына қалып, қаза тапты

Астанада ер адам «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздың астына қалып, қаза тапты

Кеше Астанадағы Қырықыншы стансаның аумағындағы теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған ер адам «Петропавл-Алматы» бағытында қатынайтын «Тальго» электрпойызының астында қалып қаза тапты. Әзірге марқұмның мәліметтері анықталуда, деп хабарлайды )Р ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

  • 14 Сәуiр 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ кеше елордада тағы екі бірдей төтенше жағдай орын алды. Бірі -Брусиловский көшесіндегі жер үйдің қасындағы моншадан шықты. 6 шаршы метр аумаққа жайылған отты ауыздықтауға 10 өрт сөндіруші жұмылдырлды. Ал өрт кезінде иіс тиген 1985 жылы туған А.Бәкіжанова ауруханаға жеткізілді.

Бұған қоса, Интернациональный кентіндегі үйлердің бірінде пештің істен шығуы салдарынан екі адам аурухағанаға жатқызылды. 1970 және 1997 жылы туған қос азамат газдан уланып қалған.