Астананың төрт тұрғын әйелі өздерін парламент ғимаратының қоршауына таңып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың төрт тұрғын әйелі өздерін парламент ғимаратының қоршауына таңып қойған

Астананың төрт тұрғын әйелі өздерін парламент ғимаратының қоршауына таңып қойған

Дүйсенбіде Астананың төрт тұрғын әйелі өздерін Парламент ғимаратының қоршауына таңып қойды, олар депутаттармен сөйлеспек, деп хабарлады оқиға болған орыннан "Интерфакс-Қазақстан" тілшісі.

  • 14 Сәуiр 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz

Наразылық акциясына қатысушылар депутаттардан мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерінің тәркіленуіне қатысты жағдайға араласуды сұрап отыр, деп хабарлады журналистерге әйелдердің бірі.

Оқиға болған орынға ТЖ өкілдері, құқық қорғау органдары және дәрігерлер барған.

Оларға әзірге тек бірқатар депутаттардың көмекшілері шыққан. Олар ғимаратта депутаттардың жоқ екендігін, олардың шараларға не іс-сапарларға кеткендігін түсіндірген болды.

Әйелдердің ішінде көпбалалы ана Сандуғаш Серікпаева бар.


Ананың журналистерге айтуынша, оның жері мемлекеттік меншікке емес, жеке меншікке берілген сыңайлы.

С.Серікпаеваның хабарлауынша олар алдында әлеуметтік –мәдени және аймақтық даму комитеттеріне жолдау жіберіпті. Депутаттар оларға құжаттар сәйкесті мемлекеттік құрылымдарға жолданды, деп жауап қайтарыпты.