Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік қызметінен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік қызметінен қуылды

Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік қызметінен қуылды

Ақтөбе облысында орынбасарымен ашына болып, ақыры отбасынан ажыратып тынған салықшы қызметінен қуылды. Шалқар ауданының сауыққұмар бас салық инспекторын креслосынан қозғау үшін Тәртіптік кеңеске жүгінуге тура келген. 

  • 15 Сәуiр 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz


60-ты алқымдаған Жұмағазы Жұмабаев өзінің орынбасырмен бірнеше жылдан бері ашына екен. Бастықтың жазған ғашықтық хаттарын ақыры келіншектің күйеуі көріп қалып, ерлі-зайыптылар ажырасып тынған. Бір отбасын ойрандаған басқарма бастығының үстінен сол ойнасының қайын жұрты шағымданыпты. Ақтөбе облыстық тәртіптік кеңес мүшелері алпысқа келіп қалған шенеуніктің әрекеті ар-намыс кодексіне қайшы келді деп қызметінен кетіруге бір ауыздан дауыс берді. Енді ол билік партиясының құрамынан да қуылмақ.