Шымкент тұрғыны сәбиін мешітке тастап қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны сәбиін мешітке тастап қашып кеткен

Шымкент тұрғыны сәбиін мешітке тастап қашып кеткен

Шымкентте келіншек туған баласын мешітке тастап, қашып кетті. Облыстық орталық мешіттің қызметкерлері жерде жатқан баланы түнге қарай байқаған. Кім екені анықталғанша тастанды сәбиге сондағы әйелдер қарапты.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 210
Фото - Caravan.kz

Түнгі намаздан кейін мешіттің ішін тексерген имамдар бұрышта бүрсеңдеп жатқан баланы көрген. Полиция шақырғаннан кейін анасы жақын жердегі жанармай құю бекетінің маңынан табылды. Алайда, анасы мешіт қызметкерлерін балағаттап, полицияның өзімен жаға жыртысыпты. Қазір, жас шамасы 40-тан асқан әйел баласы екеуі полиция бөлімінде тексеруден өтуде. 

Саят Ысқақов,  мешіт имамының көмекшісі:



-Жанармай құю бекетінде әлгі әйел адамды таптық. Сөйтсек, жаңағы әйел адам жүйкесі тозған аурумен ауырады екен. Сөйтіп жаңағы әжетханада отырғанын байқадық. Сөйтіп, жаңағы баланы алып кетуді сұрадық. Сөйтсек, аузына келгенін айтып, жүйкесі тозғаннан кейін, небір сөздер айтып бізге көнбей.