Қостанай темір жол вокзалында 80-нен астам адам сыртқа шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай темір жол вокзалында 80-нен астам адам сыртқа шығарылды

Қостанай темір жол вокзалында 80-нен астам адам сыртқа шығарылды

Қостанайда бүгін темір жол вокзалы ғимаратынан жолаушылар мен қызметкерлер сыртқа шығарылды.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 731
Фото - Caravan.kz

Қостанай ішкі істер желілік бөлімі мәлімдегендей, қызметкерлер вокзал ғимаратынан екі иесіз сөмке тауып алған.

Заттың иесі біразға дейін табылмауы күдік туғызды. Полиция қызметкерлері ол аумақты қоршауға алып, 80-нен астам адамды сыртқа шығарып, вокзал маңындағы алаңда көлік жүретін жолды жауып тастаған.

Қауіпті зат бір сағаттай іздестірілген. Ол жерге полицейлер, құтқарушылар, жедел жәрдем келген.


Сағат 15:00-дерде сөмкенің иесі табылды. Қазір одан жауап алудамыз. Сөмкеде оның жеке заттары болған.