Шымкентте жалған полицей ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жалған полицей ұсталды

Шымкентте жалған полицей ұсталды

Шымкентте қаржы полицейінің куәлігімен жүрген азаматтың басы бәлеге қалды.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz


30 жастағы жігітті полицейлер көлік нөмірі жалған болуы мүмкін деген күдікпен ұстаған. Бірақ нөмір емес, жүргізушінің жұмыс орны жалған болып шықты. Күмәнді көлік құжаттарына үңіліп тұрып, жол сақшылары тізгіндегі азаматтың да қаржы полициясында істемейтінін бірден түсінген. Ал «жалған полицейдің» өзі бұлтартпас дәлелмен ұсталса да кінәсін мойындайтын түрі жоқ.