Алғашқылардың бірі болып оралман мәртебесін алған Шернияз Шұмахай осыдан 21 жыл бұрын Ақтөбеге қоныстанған. Моңғолиядан келген қандасымыз көшіп-қонып жүргенде сол анықтамасын жоғалтып алыпты. Ал май тигенмоңғол паспортындағы ұлты жазылған жерге көші-қондағылар күмән келтіріп отыр. Соның кесірінен құжатын рәсімдей алмай жүр.
Шернияз Шұмахай, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Атым қазақ. Қазақ елім, қазақ жерім деп келдім. Маған шеттетіп бір құжатты бере алмай отырғанына ішім ашиды. Қазақпын ғой. Қазақша сөйлеп отырмын ғйо. Ал мынау қазақ емес моңғол екен, қашып келген қашқын екен, болмаса біреуді өлтіріп келген, атып кеткен екен десе тағы тексеріп, тағы қарасын. Осыған зар боламын бір жапырақ қағаз үшін.
Шерниязбен бірге атамекеніне оралған әйелі мен балалары, Ақмола облысына қоныстанған туған бауырлары да әлдеқашан азаматтық алған. Моңғол паспортынан бөлек, әскери билеті мен өзге де құжаттарында оның қазақ екені тайға таңба басқандай етіп көрсетіліпті. Бірақ оған ешкім құлақ асар емес. Сондықтан қазақ екенімді дәлелдеу үшін тіл мен дәстүрге, шежіреме қатысты арнайы сынақтан өтуге әзірмін дейді оралман. Ал көші қон полициясындағылар азаматтық беру үшін ең бастысы Моңғолия тарапы ұлтын растап беруі тиіс дейді.
Айгүл Нұртазина, Ақтөбе облыстық ІІД көші-қон полциясы басқармасының аға инспекторы:
-Шұмахай Шерниязға Моңғолияға елішлікке сұраныс жібердік. Анықтау үшін ұлтын қазақ болып анықтау үшін. Сол себептен Моңғолиядан сұраныс келген жоқ. Келген соң біз Қазақстан республикасының азамттығы құжатын береміз.
-Шернияз Шұмахай 21 жылдан бері Ақтөбеден аттап ешқайда шықпаған. Себебі құжаты болмағандықтан оған пойызға да, қала арасына қатынайтын жолаушылар автобусына да билет сатпайды. Ал көші-қон заңына енгізілген соңғы өзгертуге байланысты ұлтын растайтын анықтама алу үшін Моңғолия елшілігіне өзі барып өтініш білдіруі керек. Енді жаяулап болса да Астанаға жетуіне тура келеді.