Сотталғандарға сақал өсіруге тыйым салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотталғандарға сақал өсіруге тыйым салынбақ

Сотталғандарға сақал өсіруге тыйым салынбақ

Бірақ Ішкі істер министрлігінің тосын ұсынысы тағы үлкен дауға қалды. Бұл азаматтардың діни сеніміне құл сұғу деген депутаттар бастамаға бірден қарсы  шықты.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz

Светлана Бычкова, Мәжіліс депутаты:

 «Сақалға тыйым салу туралы» бап бар. Мұны бүтін бір кодексте егжей-тегжей жазудың қажеті жоқ. Сақал, шаштың ұзындығы деген мәселені қосымша актілерде көрсетсе де, жеткілікті ғой. 

Мәжіліске жеткен сақал дауы ұзақ талқыланды. Қылмыстық атқару кодексіне өзгеріс енгізіп жатқан Ішкі Істер министрлігі, әскердегілер сақал қоймайды, бұл талапты жазасын өтеушілерде орындау қажет дегеннен танбай отыр. Онысы бекер емес секілді. Себебі бірнеше жыл бұрын еліміздің бірқатар түрмесінде жат ағымның жетегінде кеткендер бүлік шығарып, өздерін жарып жіберген еді. Сондықтан шенділер сотталғандардың сақалын қырсақ, санасын да тазартамыз деп ойласа керек. Ал депутаттар абақтыға жазасын өтеп жатқандарға туыстары жіберген азық-түлікке тыйым салуды да сынады. Алайда, министрлік Мәжіліске әкелген өзгерістерін қалайда заң жүзінде бекіттіріп алуға бекініп отыр.


Мейрам Аюбаев, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:

-Сәлемдеме деген КАРЛАГ дегеннен, сол кезден қалған заттар. Қазір Үкімет сотталған адамдарға бәрін береді, аяқ киім бар, іш киім бар. Мына солтүстікте болса, мезгілге сай ауыстыратын киімдер беріледі. Екіншіден,  тамақтарына да  үлкен қаражат бөлініп жатыр.