-Оқыс оқиға бүгін күндізгі 12-лер шамасында орын алды. Сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан отарба автобусты қақ бүйірінен соғып өткен. Салдарынан, бір адам қаза тауып, 8-і ауруханаға жеткізілді.
Зардап шеккендердің барлығы – мына қызыл көліктің ішінен шығарылды.Куәгерлердің айтуынша, олардың дені –тәжірибеден өту үшін зауытқа келген студенттер екен. 19 жастағы бір қатты соққыдан бірден тіл тартпай кеткен. Зембілге салынғандардың да жағдайы мәз емес. Біреуінің ішкі құрылысы езіліп, екеуінің бас сүйегіне операция жасалып жатыр.
Ермек Бектұров, Ақсу қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы
-Сегіз науқастың үшеуі травматология бөлімшесіне қабылданды. Бес науқас реанимация бөлімшесінде жатыр. Үш науқастың жағдайы өте ауыр.
Зауытта істейтін автобустың жүргізушісі де ауыр жарақатпен травмотология бөліміне түскен. Әлі есеңгіреп жатыр. Есін жиған соң тергеушілердің алдында жауап беруіне тура келеді.
Ерлан Рысбаев, Павлодар облыстық ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының бастығы:
-Жолаушыларды салып алып қалаға алып бара жатқанда, осы темір жолда осындай апатқа ұшыраған. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.Қылмыстық іс қозғалатын болады.
Әзірге, кімнің кінәлі екенін тап басып айту қиын. Себебі, автобус тура трансформаторға соғылып, бағдаршам сөніп қалған. Қалай дегенмен, студенттерді жеткізіп салмақ болған зауыт жұмысшысы аяқ асты қылмыскер атанып кетуі де әбден мүмкін.