Шымкентте көпір құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көпір құлады

Шымкентте көпір құлады

Бадам өзенінде жаяу жүргіншілер көпірі құлады. Тасқын су көпірдің тіреуін шайып кетті, соның салдарынан көпір салмақты көтере алмай,  «Сәуле» және «Қазғұрт» шағынаудандарын сумен қамтамасыз етіп тұрған су құбырымен бірге құлады, деп хабарлады otyrar.kz сайты.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 438
Фото - Caravan.kz


Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Дәурен Қалдыбековтің айтуынша, «сол сәтте 5 мың адам сусыз қалды. Оқиға орнына ТЖД мен әкімдік қызметкерлері шұғыл жетіп, үйлестіру жұмыстарына басшылық етті, соның арқасында көпір қалпына келтірілді».

 Шымкент қаласы Әл-фараби әкімдігінің бөлім бастығы Марат Тәжібаев: «ТЖ жөніндегі қалалық комиссия тиісті қызметтерге қаланы тұрақты сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіруге және көпірді жаңғыртуға тапсырма берді. Арнайы тапсырмалар берілді, қазіргі кезде бұл жұмыстардың сметалық-жобалық құжаттары даярлануда».