Алматы облысында жылу желілері 65 пайызға тозған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жылу желілері 65 пайызға тозған

Алматы облысында жылу желілері 65 пайызға тозған

Алматы облысында жылу желілерінің ұзындығы 320 шақырымды құрайды, ал олардың тозуы 45-тен 65 пайызға дейін жеткен, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 499
Фото - Caravan.kz

2013 жылы 21,8 млрд. теңгеге қазандықтарды жаңғырту мен салу бойынша 13 жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 35 шақырым жылу желілері жаңғыртылды және жөнделді, бұл жылу желілерінің тозуын 60 пайызға, жылудың текке кетуін — 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

«2014 жылы төрт қазандық пен 44 шақырым жылу желілерін жаңғырту және салу бойынша алты жобаны жүзеге асырып, бұған 3,2 млрд. теңге қаржы жұмсау жоспарланып отыр. Талдықорғанда 66 шақырымға жуық желлерді жөндеу көзделген, бұл желілердің жалпы ұзындығының 20 пайызын құрайды», — деп нақтылады баспасөз қызметі.  

Жылумен жабдықтауды жалпы қуаты 700,0 Гкал/сағат 28 қазандық жүзеге асырады.