Өткен сейсенбіде Қарабас ауылында 5451 әскери бөлімнің оқу орталығында граната лақтырудан оқу-жаттығу кезінде екінші батальонның 1990 жылғы жауынгері жарақат алған. Бұл туралы бүгін Қарағанды гарнизонының әскери прокуратурасы мәлімдеді.
Граната шұңқырға түсіп жарылған. Жауынгердің белі жарақаттанған. Ол лақтырған кезде граната жеңіне ілініп қалғанын айтты.