Мәжіліс Қазақстанның кейбір заң актілеріне түзетулер енгізуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанның кейбір заң актілеріне түзетулер енгізуді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанның кейбір заң актілеріне түзетулер енгізуді мақұлдады

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz


Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Мәжілістің заңдар және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет тұжырымдамасында мәлімделгендей, заң жобасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы туралы», Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізу ұсынылған.