Капиталдың амнистиялануы "миллиард доллардың" заңдастырылуына мүмкіндік бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Капиталдың амнистиялануы "миллиард доллардың" заңдастырылуына мүмкіндік бермек

Капиталдың амнистиялануы "миллиард доллардың" заңдастырылуына мүмкіндік бермек

Қазақстан Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетов алда өткізілетін капиталдың амнистиялануы "миллиард доллардың" заңдастырылуына мүмкіндік береді, деп санайды.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

"Өкінішке орай, қанша капиталдың қайда кетіп қалғандығы туралы шынайы статистика жоқ, бірақ біз халыққа дұрыстап түсіндірсек, кепілдік етсек, халық капиталын заңдастыру мүмкіндігіне сенсе, онда оның есебі миллиард доллар болып қалар", деді ол Астанада сәрсенбіде республика президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл акцияның екі мақсаты бар, деді ол.

"Бір жағынан жасырын экономика мәселесі шешіледі, түсіну керек, азаматтар салық төлемейтін болса, мүлігін көрсетпесе, мемлекет тарапынан белгілі бір кезден бастап қатаң репрессия басталады, мен 2017 жылдың 1-қаңтарын айтып отырмын", деді ол.

"Екінші мәселе, біз Ұлттық банк ретінде екінші деңгейдегі банктерге депозиттерге көп ақша келе бастайды деп күтеміз, бұл банк секторын қорландырудың тағы бір көзі болмақ", деді ол.