Ксеll максималды тарифін орташа алғанда 20% төмендетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ксеll максималды тарифін орташа алғанда 20% төмендетті

Ксеll максималды тарифін орташа алғанда 20% төмендетті

Ұялы байланыстың қазақстандық операторы Ксеll өз абоненттері үшін ең жоғарғы тарифті орташа алғанда 20% арзандатты, деп хабарлады компаниядан сәрсенбіде.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 401
Фото - Caravan.kz

Ішкі желіде тариф 17% азайтылған, басқа операторларға телефон соғу 22%, басқа желілердің операторларына SMS жолдау 18% арзандады. 1 Мб ұялы интернет құны да абоненттер үшін 18 пайызға арзандады.

"Kcell соңғы жеті жыл бойы бір минуттың орташа құнын арзандату стратегиясын орындап келеді. Соның нәтижесінде 2013 жылдың 31-желтоқсанында біздің компанияның минутының орташа құны желіде 4,6 теңгені құрады", деді компанияның бас атқарушы директоры Али Аган.

Ксеll негізгі акционерлері Sonera Holding B.V. ( TeliaSonera 100 пайыз еншілесі) — 24%, Fintur Holdings (TeliaSonera бірлескен кәсіпорын және түріктік Turkcell) — 51%.