"Капиталды заңдастыру сияқты салық амнистиясы да шағын және орта бизнес субъектілеріне және өзін жұмыспен қамтып отырған халыққа өзіндік бизнес -идеяларды дамытуға қарқын бермек. Бұл салықтық түсімдерді арттыра түседі", делінген хабарламада.
"Кәсіпорындардың белгілі бір себептермен салық төлей алмаған жәйттері бар. Бұл жылдан- жылға өтіп отырған проблемалар. Біздің ойымызша, салық амнистиясының өткізілуі мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастарды жаңа форматқа келтіріп, 2015 жылы шағын және орта бизнестің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді", деді Алматы кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Ерлан Стамбеков.