Әскери прокуратура Қызылордада әскери қызметшілердің жаппай улануына орай қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери прокуратура Қызылордада әскери қызметшілердің жаппай улануына орай қылмыстық іс қозғады

Әскери прокуратура Қызылордада әскери қызметшілердің жаппай улануына орай қылмыстық іс қозғады

Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы Қызылордада орналасқан ІІМ ішкі әскерлері комитетінің 5547 әскери бөлімшесі әскери қызметкерлерінің жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 422
Фото - Caravan.kz

Іс республика Қылмыстық кодексінің 381 бабының 1 тармағында көзделген қылмыс бойынша (қызметке немқұрайды қарау) қозғалды, деп хабарлады сәрсенбіде бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінен.

"Іс бойынша бірқатар сараптама мен зерттеулер тағайындалды", делінген ақпаратта.

Қызылорда санэпидқызметтің алдын-ала деректеріне қарағанда, инфекцияның негізгі көзі су каналы қалалық желілері бойынша әскери бөлімшелерге жеткізіліп отырған су болған болу керек.

Алдында хабарланғандай, 13-15 сәуір күндері ішек ауруы белгілерімен ауруханаға 5547 бөлімшесінің 52 әскери қызметшісі жатқызылған.