Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Англия премьер-лигасында  34-ші  турдың нәтижелері толығымен бегілі болды.  Осы турды түйіндеген соңғы матчта «Арсенал» мен «Вест Хэм»  кездесті.  «Эмирэйтс» стадионында өткен лондондық дербидегі алғашқы голды «Вест Хэмнің» жартылай қорғаушысы Мэттью Джарвис соқты.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 192
Фото - Caravan.kz

Қарап қалмаған Арсен Венгердің шәкірттері араға төрт минут салып таразы басын теңестірді. Бұл эпизодта Лукас Подольский мергендік танытты. Екінші таймның  басында  «Вест Хэмнің» қақпасын дәл көздеген  Оливье Жиру таблодағы есепті еселей түсті.  Мұнымен шектелмеген «Арсенал» кездесудің 78-ші минутында қарсыластарын үшінші рет ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті. Бұл допты алғашқы голдың авторы  Лукас Подольский салды. Осы жеңістен кейін 67 ұпай еншілеген Арсен Венгердің командасы турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

 

Дортмундтың «Боруссиясы» Германия кубогы үшін жарыстың ақтық сынына жолдама  алды. «Сигнал Идуна Паркте» өткен жартылай финалда алаң иелері 2:0 есебімен «Вольфсбургтен» басым түсті.

Кездесудің 13-ші минутында қонақтардың қақпашысын қапы қалдырған Генрих МХИ ТАРЯН «Боруссияны» алға шығарды.  Үзіліске санаулы минуттар қалғанда  есепті ұлғайтқан Роберт Левандовский, өзінің неміс клубы сапындағы 100 голын соқты.  «Боруссиямен» ақтық сында кездесетін команданы «Бавария»мен «Кайзерслаутерн» арасындағы  жартылай финал анықтап береді. Германия кубогы жолындағы жарыстың ақтық бәсекесі 17 мамыр күні өтеді.   

       


Шайбалы хоккейден Өскемен мектебінің түлегі және Ұлттық Хоккей Лигасының «Каролина Харрикейз» командасының қақпашысы Антон Худобин Ресей Ұлттық құрамасына шақырту алды.

Ағымдағы маусымда Худобин «Каролина» үшін 36 ойын өткізіп үлгерген. Айта кетсек, 27 жастағы Худобин хоккеймен Өскеменде айналыса бастаған. Содан кейін 2004-2005-ші жылдары Ресейдің «Магнитагорск» командасында өнер көрсетіп, ал 2013 жылы американың Каролина командасының жейдесін киген. Естеріңізге сала кетсек Ресей мамырдың 9-ы мен 25-і аралығында өтетін  әлем чемпионатында Қазақстанмен бір топта өнер көрсетеді.