«Тергеу анықтағандай, Гүлмира Әзбергенова миллиондаған мемлекет ақшасы желге ұшқан екі бірдей ірі компанияда қатар бухгалтер болып қызмет атқарған. Тергеу абақтысында жатқан әйел бір жыл бойы ең болмағанда үйқамаққа шығуға әрекеттенді. Бұл үшін ол абақтыда аштық та жариялады. Ал бүгін негізгі куәгерлердің бірі бұрынғы қызметкер әйелді бекерге қаралағанын мойындады. Әзбергенованы сол бойда сот залынан босатып қоя берді», — деп хабарлады телеарна.
Қазір Атыраудың тергеу абақтысында Рысқалиевтің бандыларының тағы 10 мүшесі жатыр, 12 адам үйқамақта отыр. Ал Атырау облысының экс-әкімі бұрынғыша қашып жүр.