Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі етек жайып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі етек жайып келеді

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі етек жайып келеді

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі - ұялы телефондардағы жеке мәліметтермен бопсалау етек жайып келеді . Смартфонды жоғалту ірі көлемдегі ақшаны мойынға іліп, сазға отырғызуы мүмкін, деп хабарлады 31 арна.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 479
Фото - Caravan.kz

Телеарнаның ақпаратына қарағанда, Талдықорған тұрғыны,  43 жастағы Айгүл ұялы телефонын жоғалтқанымен, полицияға шағым жасаған жоқ. Бірнеше күннен кейін оған ұрының өзі хабарласты. Оны алаяқ бопсалаушы  қорқыта бастады. Телефонда күйеудегі әйелдің қаладағы танымал шенеунікпен жеке жазбалары сақталған болатын. Алаяқ барлық хат-хабарлар мен суреттерді интернетте жариялайтынын айтты. Өзінің абыройын ойлаған әйел одан ақша беріп құтылуға мәжбүр болды. Ашыналар құпияны жарияламау үшін үш мың доллар төледі, бірақ бопсалаудың тоқталуына кепілдік жоқ еді.

«Ұрланған телефонды, сонымен бірге бопсалаушыны IMEI-коды арқылы табуға болады, ол әрбір аппараттың ішкі жағындағы аккумулятордың астында немесе телефон дүкеннен  сатып алынған болса, қорабында жазылған. Құқық қорғаушылар қазір бірыңғай жалпыелдік IMEI-кодтар базасын жасақтауға кірісті, ол бопсалаушы мен ұрыны Қазақстанның кез келген жерінен табуға мүмкіндік береді», — деп атап өтеді телеарна.

БАҚ хабарына қарағанда, соңғы жылдары Алматы облысының бірде-бір тұрғыны бопсалау туралы өтінішпен полицияға жүгінбеген. Ал ресми мәліметтер бойынша елдегі әрбір төртінші ұрлық — ұялы телефон жоғалтумен байланысты.