Осылайша, «Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Ал шетел азаматтыарының білім туралы сертификаты жоғарыда аталғандарды олардың білетінін қуаттайтын құжат болып табылмақ. Оны берумен Ресей аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі орыс тілінен, тарихынан және заңнамалар негізінен емтихан өткізетін білім беру ұйымдары айналысатын болады. Сертификаттың күшінде болу мерзімі 5 жыл деп белгіленіпті. Бұл мерзім аяқталған соң құжатты қайтадан алу қажеттігі туындайды.