Қазақстанда 2016 жылға дейін заманауи бес онкоорталық құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2016 жылға дейін заманауи бес онкоорталық құрылмақ

Қазақстанда 2016 жылға дейін заманауи бес онкоорталық құрылмақ

Қазақстанның бірнеше аумағында 2016 жылға дейін радиациялық онкологияның заманауи бес орталығы құрылмақ, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 499
Фото - Caravan.kz

"Бас орталық онкология және радиология институты базасында (Алматы) құрылады және Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Астанада ашылады", деді ол бейсенбіде "Нұр Отан" фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңес пен мәжілістің әлеуметтік мәдени даму жөніндегі комитетінің отырысында.

Тұтас алғанда бес орталықты салу үшін 19 млрд теңге жұмсау көзделген.

"Мәселен, биыл Семейде ядролық медицина орталығын ашпақпыз. Онда әзірге елдегі жалғыз ерте радионуклидті терапия бөлімі ашылмақ, ол қатерлі ісік ауруларының 70 пайызын емдеуге мүмкіндік бермек", деді ол.

Ондай екінші орталық Алматыда онкология және радиология институтының базасында ашылады.


"Әр орталыққа жақын орналасқан облыстар тіркеледі, кез-келген пациент ісік ауруы ерте дер кезінде анықталған жағдайда сол орталыққа жеткізіліп, шағынинвазивті әдіспен ем алады, бұл емделу көрсеткішін жалпы алғанда жақсартуға мүмкіндік бермек", деді ол.