Ұлттық банк коммерциялық банктердің капиталына қойылатын талаптарды он есе арттыруды ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк коммерциялық банктердің капиталына қойылатын талаптарды он есе арттыруды ұсынып отыр

Ұлттық банк коммерциялық банктердің капиталына қойылатын талаптарды он есе арттыруды ұсынып отыр

Ұлттық банк коммерциялық банктердің капиталына қойылатын талаптарды он есе арттырып,

  • 17 Сәуiр 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz

10 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге жеткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы ҰБ төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Бес жыл ішінде Безль ІІІ талаптарына көшеміз. Сондықтан 2019 жылға қарай банктердің капиталына қойылатын минималды талаптарды 100 млрд теңгеге жеткізуді ұсынып отырмыз», — деді ол бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

К.Келімбетов еліміздің ДСҰ-на енуіне байланысты қазақстандық банктер бәсекеге қабілетті болуы тиістігін атап өтті. Оның ойынша, реттеуші орган тарапынан қойылатын талаптың төмендігі банктердің бәсекеге шыдас бере алмайтынын білдіреді.

«Біздің ойымызша, жаңа талаптарды шамамен 15-20 банк орындай алады. Бұл өзге банктерді жабамыз деген сөз емес. Басқа банктердің бір-бірімен ықпалдасып, бірігуге мүмкіндігі бар», — деді ол.