Мамыр айындағы мерекелерге байланысты демалыс күндері ауыстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айындағы мерекелерге байланысты демалыс күндері ауыстырылды

Мамыр айындағы мерекелерге байланысты демалыс күндері ауыстырылды

Бейсенбі күні премьер-министр Кәрім Мәсімов «Демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулыға қол қойды.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 1843
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «азаматтардың демалысына қолайлы жағдай туғызып, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында жексенбі, 4-мамырдағы демалыс күні – жұмаға, яғни 2-мамырға, жексенбі, 11-мамырдағы демалыс күні – бейсенбі, яғни, 8-мамырға ауыстырылды».

Мамыр айында Қазақстанда үш бірдей мемлекеттік мереке атап өтіледі. Соған байланысты, қазақстандықтар 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай үш күн, 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр – Жеңіс күніне орай төрт күн қатарынан демалады.