«Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жолға шығару жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жолға шығару жоспарлануда

«Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жолға шығару жоспарлануда

Жазғы демалыс маусымында жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 2014 жылғы 3 маусымнан бастап №483/484 «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жолға шығаруды жоспарлап оты

  • 17 Сәуiр 2014
  • 413
Фото - Caravan.kz

Аталмыш пойыз жазғы маусымда аптасына екі мәрте — Астанадан сейсенбі мен сенбі күндері 3 маусым мен 30 тамыз аралығында аттанып, Адлерге жұма-сейсенбі күндері 6 маусым мен 2 қыркүйек аралығында келеді.

Адлерден сенбі және сәрсенбі күндері 7 маусым мен 3 қыркүйек аралығында жүріп, Астанаға сейсенбі мен сенбі күндері 10 маусым мен 6 қыркүйек аралығында келеді. Құрамы ауысымсыз «Қостанай-Адлер», «Павлодар-Адлер» және «Қарағанды-Адлер» вагондары да бар.


«Айта кетер жайт, жазғы маусымда қосымша пойыздарды жіберу — «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол қызметтерін көрсетудің сапасын арттыру аясында атқарып жатқан маңызды бағыттардың бірі», — делінген компания ақпаратында.