Талапкерді тағы топан су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талапкерді тағы топан су басты

Талапкерді тағы топан су басты

Астана іргесіндегі Талапкер ауылындағы жағдай әлі де күрделі.  Соңғы бір айдан бері топан сумен жалғыз арпалысып жүрген тұрғындар әкімдерін іздептаба алмай жүр. Баспанасын су шайып далада қалған жұрт бүгін әкімдікке барып тағы шу шығарды.

  • 18 Сәуiр 2014
  • 325
Фото - Caravan.kz

Талапкер тұрғындарының көрген күні осы –  қарттары тізеден су кешсе,  ауладағы иттерден бастап, ауылға қатынайтын автобустарға дейін жүзіп жүр. Көлдің ортасында қалған мына баспаналарға кіріп-шығудың өзі қиын. Күн жылығалы әбден әбігерге түскен жұрт тек резіңке етікпен амалдап жүр. Қазір қызыл су үйдің ішіне дейін кірген. Банктен несие алып салған үйіміздің ірге тасы құлап жатыр деп шырылдайды қожайындары. Ауылдың шетіндегі ара кідік қозғалып қоятын жалғыз техниканың жайлаған суды ауыздықтауға шамасы жетер емес. Ал, тұрғындар өз беттерінше әрекет етуге қауқарсыз. Шенеуніктерден де, қайыр болмай тұр.


Сағира Мұхтарова, Талапкер ауылының тұрғыны:

-Ешкім көмек бермейді. Суға кетіп жатырмыз қатты. Бізді кім жоқтайды, жетім бала болдық қараусыз қалған.