Оған сәйкес, электр энергиясын бекерге шығындамау үшін автоматты түрде кофе қайнататын құрылғылар бес минут жұмыс істегеннен кейін қуат көзінен ажыратылуы тиіс болады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін бұл жаңа ереженің өнеркәсіптік кофе-машиналарға қатысы жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, ЕО энергияны ысыраппен пайдалану мәселесіне алаңдаушылық танытып отыр. Атап айтқанда, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Еуропалық одақ электр энергиясын көп тұтынатын шаңсорғыштарға да тыйым салмақ, деп жазады Росбалт.