Екі метрлік айдаһар жылан мәдениет үйінде жайғасып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі метрлік айдаһар жылан мәдениет үйінде жайғасып алды

Екі метрлік айдаһар жылан мәдениет үйінде жайғасып алды

Ресейдің Тула облысында құтқарушылар мәдениет үйіне жайғасып алған екі метрлік айдаһар жыланды (удав) ұстады. 

  • 18 Сәуiр 2014
  • 554
Фото - Caravan.kz


Өңірлік ТЖМ мемлекеттік басқармасының хабарлауынша, Кимовтегі Мәдениет орталығының жұмысшылары «01» қызметіне телефон шалып, кабинеттердің бірінде үлкен жылан жатқанын хабарлаған.

Құтқарушылар шынымен де аталған орталықта музыкалық аспаптар арасында жатқан екі метрлік айдаһар жыланды анықтады.

ТЖМ қызметкерлері бауырымен жорғалаушыны құрықтап, оны Тулаға жеткізді. Қазіргі кезде оны тұрақты орналастыратын жері туралы мәселе шешілуде.

Алдын ала тұжырымдар бойынша, алып жылан өткен жылғы қарашада осы қалада болған террариумнен қашып кетуі мүмкін. Алайда, жылан қыс бойы қайда мекендегені беймәлім, деп жазады ресейлік БАҚ.