«Кедендік одақтағы көршілеріміз біздің машинажасау саласындағы тауарларымызға, мәселен, жүк көліктері, 3 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер, мобильді бұрғылау құрылғылары, теміржол вагондарының подшипниктері, трансформаторлар, кейбір жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен химиялық өнімдеріне қызығушылықтарын білдіруде», — деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, еуразиялық экономикалық интеграция ең алдымен бизнеске тиімді.
«Қазақстанның 2013 жылы Кеден одағы елдеріне шығарған экспортын талдайтын болсақ, электрлік трансформаторлар шығару — 7,4 есе, тракторлар — 5,7 есе, жүк көліктері — 3,7 есе өскен», — деп атап өтті А.Қоңыратбаева.