«Астана әкіміне Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында даңқты генерал Иван Василий ұлы Панфиловқа ескерткіш орнатып, елордадағы жаңа орындардың біріне батыр жерлесіміздің атын беру мәселесін қарастыруды тапсырамын», — деді Н.Назарбаев жұма күні Қазақстан халықтары ассамблеясының XXI сессиясында.
И.Панфилов 1941 жылдың шілде-тамыз айларында Алматыда 316-шы атқыштар дивизиясын жасақтап, 1941 жылдың қазанында Батыс майданға аттанды. 1941 жылдың қазан-қарашасындағы Мәскеу үшін болған кескілескен ұрыста ол жетекшілік ететін дивизия ерен ерлік көрсетті.
И.Панфилов 1941 жылдың 19-қарашасында Волоколамск түбінде опат болды.
