Бұл Қазақстан бойынша іске қосылған 4-ші зауыт. Өндіріс жыл соңына дейін 280 мың тонна шикізат өндіруді жоспарлауда. Оңтүстікке қазір битум өте қажет. Себебі, зауыт Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің іргесінде салынып, құрылысты қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырмақ. Одан бөлек 2020 жылға дейін 30 мың шақырым жол жөндеуден өтуі тиіс екен. Ал бұған 4 миллион тонна битум қажет. Зауыт инвесторлары 6 жыл ішінде өндіріске 1 жарым миллиард теңге құймақшы.
Мереке Пішембаев, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі:
-Елімізде жыл сайын битумға деген сұраныс артуда. Осыған дейін Ақтау, Павлодар мен Алматыда ашылған битум зауыттарының Шымкенттен де салынғаны қуантады. Жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындарды алып, оңтүстіктың шикізатқа деген сұранысын өтеуге тырысамыз.