Каспийде браконьерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде браконьерлер ұсталды

Каспийде браконьерлер ұсталды

Каспийде балықтан бизнес жасаған табиғат қаскөйлері құрықталды. Айда-жылда өтетін кезекті рейдіне шыққан инспекторлар қайықтарына толтырып бекіре тиеп алған браконьерлерді ұстады.

  • 19 Сәуiр 2014
  • 279
Фото - Caravan.kz


Жеңіл пайда табуды көздегендер Маңғыстау облысының тұрғындары. Ең соңғы үлгідегі навигациялық құрылғылармен қаруларған қаскөйлер заңсыз кәсіппен көптен бері айналысып жүрсе керек. Қызыл кітапқа енген бекіре балығы өтетін жерге шақырымдап ау тартып тастаған. Инспекторлар қуып жетем дегенше балықтың біразының көзін құртып үлгеріпті. Дегенмен центнерден астам бекіре айғақ зат ретінде тәркіленді.