Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері сотталды

Ақтөбеде ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицеріне қатысты сот үкімі шықты. Пара алды деп айыпталған Мұрат Айтбеков енді 3 жылын түрмеде өткізеді.

  • 19 Сәуiр 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz


Ол жергілікті тұрғынды жұмысқа орналастыру үшін ақша сұраған. Ақтөбелік азамат бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің психологиялық сынағынан сүрінген екен. Өтпей қалған соң, оған кадр бөлімінің маманы көмек бермек болған. Мұрат Айтбеков алдымен 50 мың теңгені қалтасына басып, банктегі несиесін төлепті. Кейін қалған 125 мың теңгені алып жатқанда қолға түскен. Енді сотталып қана қоймай, оның дүние-мүлкі де тәркіленеді. Әскери шенінен айырылып, бұдан соң Қорғаныс саласында жұмыс істемейтін болады.