Алматыда пәтер дауы қарияның өлімімен тынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пәтер дауы қарияның өлімімен тынды

Алматыда пәтер дауы қарияның өлімімен тынды

Пәтер үшін перзентімен арадағы тартыс қайғылы аяқталды. Алматыда өз үйінен 74 жастағы қарияның өлі денесі табылды. Өткен аптада ғана Людмила Жаманшалованы «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан көрсеткен едік. Қария көп жылдардан бері туған қызынан қорлық көріп жүргенін айтқан. Пәтерге көз тіккен перзентім у беріп өлтірмекші деген еді сол кезде. Қанды қылмысқа да енді сол қызы басты күдікті ретінде жауап беріп жатыр.

  • 19 Сәуiр 2014
  • 540
Фото - Caravan.kz

Бұл Людмила Жаманшалованың бір апта бұрын ғана «Астарлы ақиқат» бағдарламасына берген сұхбаты. Ол өзін, туған қызы ұрып-соғып қана қоймай, улап өлтірмек болғанын айтып, шағымданған еді. Араға апта салып қарт ананың қаза тапқанын естідік. Оның үйде жатқан мәйітін көршілері тауыпты.

—  Еденде жатыр екен. Көрпеге орап тастаған.

Артынан көршілері бірден тәртіп сақшыларын шақыртыпты.Олар кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Алғашқыда марқұмның қызы кінәсін мойындап, түсініктеме жазыпты. Бірақ, кейіннен, айтқандарынан айнып қалған. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Десе де, басты күдікті ретінде сол танылып отыр.


Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі

-Бұл азаматшаның бас сүйегі зақымданған.  Оны азаптап өлтіргендігі анықталды.

-Қазір марқұм қарияның үйі қақырап, бос тұр. Тек шәуілдеген иті мен айналаға шашылған заттары ғана жатыр. Есігі тергеу жұмыстарына байланысты кілтпен жабылған. Ал, оның өліміне басты күдікті қызы болса, осы уақытқа дейін қарасын көрсетпепті.

Десе де, бұл отбасылық кикілжіңнен туған қайғылы жағдай ма, әлде басқа ма, мұны тергеушілер анықтайтын болады.