«Қазір бұл мәселе қаралып жатыр», — деді брифингте Атырау темір жол желілік бөлімінің бас инженері Жәнібек Жүнтұрбаев.
Заң бойынша билет құнына жолаушының денсаулығына келген зақымға байланысты сақтандыру өтемақысын алуға құқық беретін сақтандыру да кіреді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаровтың айтуынша, жарақат алған жолуашылардың заттары вагондарда қалып қойған болуы мүмкін. Сондықтан, апат орын алған аумақ облыстық ІІД қызметкерлерімен қоршауға алынды.
Атырау облысында «Сағыз-Мақат» учаскесінде апатқа ұшыраған вагондар Қытайда шығарылған болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көлік және коммуникация министрлігі Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев айты.
«Вагондар жаңа, 2006-2007 жылдары шығарылған вагондар. Алғашқы мәліметтер бойынша, олар Қытайда шығарылды деген болжам бар», — деп атап өтті ол.
Ә. Асаубаевтың мәліметінше, жалпы темір жолдың да, вагондардың да сапасы жақсы болған. Сондықтан, апаттың себебін нақ басып айту қиын. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.