Қытайда шахтада болған жарылыс салдарынан 13 кенші ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда шахтада болған жарылыс салдарынан 13 кенші ажал құшты

Қытайда шахтада болған жарылыс салдарынан 13 кенші ажал құшты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан 13 шахтер қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайд

  • 21 Сәуiр 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

Оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні «Хунтутянь» шахтасында орын алған. 56 адам жұмыс істеп жатқан жұмыс орнынан жарылыстан кейін 42 кенші жер бетіне шығып үлгерген, ал 14 адам жер астында қалып қойған.


Қазір оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс жасап жатыр, жоғалған шахтерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.