Еңбек министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңдарға түзетулер әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңдарға түзетулер әзірледі

Еңбек министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңдарға түзетулер әзірледі

Биыл төртінші тоқсанда парламентке мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы енгізілмек. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

  • 21 Сәуiр 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz


«Заңдық базаны жандандыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы әзірленді. Оған сәйкес отыздан астам нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілмек. Мүгедектермен жұмыс жүргізудің заңмен бекітілген үлгісін жүзеге асыру тұтас шаралар кешенін қамтиды. Бұл денсаулықты нығайту, мүгедектікке апаратын паталогияны төмендетуге қатысты», — деп ол бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында атап көрсетті.

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жұмысы ең алдымен, мүгедектікке ұшырау тәуекелдігінің алдын алуды қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі туа пайда болған патологиялармен байланысты екенін ескере отырып, ерте жастан паталогияны анықтау жұмысы күшейтілді. Сонымен қатар, заң жобасында мүгедектерге арнайы жұмыс орнын құратын жұмыс берушілерді қолдау тетігі қаралған. Мұнымен қоса мүгедектерше жұмыс орындары квоталау тетігі қарастырылған», дейді Т.Дүйсенова.