А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернаттың 50 жылдығына арналған кеш өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернаттың 50 жылдығына арналған кеш өтеді

А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернаттың 50 жылдығына арналған кеш өтеді

Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына биыл 50 жыл толып оты

  • 21 Сәуiр 2014
  • 759
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мектеп 1964 жылы қазақ өнерінің қайраткері, Қазақстанның Халық артисі, академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды балаларды жинап, мемлекеттік тілде кәсіби музыкалық білім беру мақсатында ашылған болатын. Ол дарынды музыканттарды тәрбиелеп, тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің музыка өнерінің дамуына өз үлесін қосып келе жатыр.


Өнер ордасының жарты ғасырлық мерейтойы қарсаңында — 23-сәуірде мектеп-интернаттың үлкен залында бүгінде елімізбен қатар, бірқатар шет мемлекеттерге танымал «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбліндегі мектеп түлектерінің жеке орындауларында шығармашылық кеш өтеді, деп хабарлайды qazaq-alemi.kz.