Осы аптада Қазақстанда қар аралас жаңыр жауады; содан соң күн күрт ысиды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы аптада Қазақстанда қар аралас жаңыр жауады; содан соң күн күрт ысиды

Осы аптада Қазақстанда қар аралас жаңыр жауады; содан соң күн күрт ысиды

«Қазгидрометтің» болжамынша, алдағы аптада Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы қалыптасады.

  • 21 Сәуiр 2014
  • 416
Фото - Caravan.kz

«22-сәуір мен 23-сәуір күні түнде еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығысында жауын жауып, соңы қарға ұласады. Оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, 23-іне қараған түні қар жаууы ықтимал. 24-сәуірде күн ашылып, ауа температурасы 13-25 градусқа дейін жылынады. Ал, оңтүстікте термометр көрсеткіштері 27-32 градусқа дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.

Еліміздің батыс өлкелерінде күн ашық, 23-30 градус жылы болады. 24-сәуірде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.