Астанада екі бірдей лауазымды қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада екі бірдей лауазымды қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астанада екі бірдей лауазымды қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астанада Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті қалалық қаржылық бақылау инспекциясының екі бірдей лауазымды қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

  • 21 Сәуiр 2014
  • 569
Фото - Caravan.kz

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуірдің 15-інде қаржылық бақылау инспекциясының аға маманы бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану фактісін жасыру үшін «Астана тазалық» ЖШС бөлім бастығынан 4,5 млн теңге көлемінде пара алу үстінде қолға түсті. Ол дәл сол күні соттың санкциясымен қамалып, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, «Астана әкімінің арнайы базасы» ММ тексеру барысында анықталған кемшіліктерге қатысты іс бойынша оң шешім шығарып беру үшін 3 мың доллар пара алған тағы бір бас маманның ісі соттың қарауына беріліпті.