«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас бапкері жалақысын ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас  бапкері жалақысын ала алмай жүр

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас бапкері жалақысын ала алмай жүр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін сақтап қала алмады. Вашингтонда өткен кездесуде отандасымыз IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бернад Хопкинстан жеңіліс тапты.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz

Кездесудің 11-ші раундтында америкалыктан ауыр соққы жіберіп алған Шүменов  нокдаун алды. Нәтижесінде 12 раундқа созылған бәсекеде үш төрешінің біреуі 114-113 есебімен жеңісті Бейбітке берсе, екі төреші 116-111 есебімен Хопкинсті жеңімпаз деп таныды. Осы жеңістен кейін Хопкинс 79-келіге дейінгі салмақта IBF және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді. Ал Бейбіт Шүменов үшін бұл кәсіпқой рингтағы екінші жеңілісі.

Фуболдан ел чемпионы «Ақтөбе» клубында шу шықты. Команданы жеті жыл жаттықтарған бұрынғы бас бапкер Владимир Муханов  өзін заңсыз жұмыстан шығарғанын айтып ФИФАға шағымданған. Енді 2013 жылғы маусымдағы жалақысын толық өтеуді талап етіп отыр.

Владимир Мухановтың кезінде «Ақтөбе» үш мәрте чемпиондықты жеңіп алған еді. Кейін 2012 жылғы маусымда «Ақжайықтан» жеңіліп, қола медальді місе тұтқан тұста ресейлік маман өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш білдірген болатын. Бірақ клуб басшылығы білікті маманның керек екенін айтып, команданың көзіншеарызын жыртып тастайды. Екі ай өтісімен ойламаған жерден Муханов «Ақтөбеге» керек болмай қалды. Енді халықаралық футбол федерациясы клубтың келісімді заңсыз бұзғанына қатысты шешім шығарған. Тіпті жалақысын толық өндіріп беруді тапсырыпты. Десе де, Ақтөбе клубының басшылары қолымызға әзірге ешқандай құжат тимеді деп отыр.

 


Футзалдан УЕФА чемпионы “Қайрат” сәуірдің 24 мен 26 аралығында Әзербайжанда өз атағын қорғамақ. Алматылықтардан бөлек төрттік финалына жергілікті “Араз”, ресейлік “Динамо” мен испандық “Барселона” қатысады. 

Маңызды бәсеке алдында команда басшылығы алматыда баспасөз маслихатын ұйымдастырды. “Қайраттың” бас бапкері Какаудың айтуынша біздің жігіттер алдағы матчтарға тас түйін дайын. Жартылай финалдық кездесуде “Қайрат” “Динамоға” қарсы ойнайды. Естеріңізге сала кетсек тура бір жыл бұрын дәл осы ресейліктерді Какау шәкірттері финалда жеңген болатын. Былтырмен салыстырғанда Лео Сантана, Бетао және Жива сынды ойыншылар басқа командаға кеткен. Бірақ олардың орнын Кайо Жуниор, Кафе Баррос, Рубиньо Кларо сынды өзге бразилиалық легионерлер толтырғанын айта кетейік.