Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды

Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды

Мемлекет Басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалд

  • 22 Сәуiр 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды;


Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Ермек Елеуханұлы Үкібаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды;

Айдарбек Мұстажапұлы Абдулов  Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды.