2050 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігінде халық тығыздылығы солтүстіктегі көрсеткіштен 4 есеге жоғары болады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2050 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігінде халық тығыздылығы солтүстіктегі көрсеткіштен 4 есеге жоғары болады

2050 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігінде халық тығыздылығы солтүстіктегі көрсеткіштен 4 есеге жоғары болады

Қазақстанда 2050 жылға қарай демографиялық жағдайдың аймақтық теңгерімсіздігі қалыптасуы ықтимал, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 601
Фото - Caravan.kz

"2030 жылға қарай халық саны бүкіл болжанатын мерзім ішінде 21% немесе 3,3 миллион адамға артады. Әсіресе Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының халқы күрт өседі", делінген министрліктің хабарламасында.

Оған қарағанда, жағдай осылай өрби берсе, 2050 жылы солтүстік аймақтардағы халық саны 0,9 млн адамға азайып, оңтүстік аймақтарда 5,2 млн адамға артады.

2050 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігінде халық тығыздылығы солтүстіктегі көрсеткіштен 4 есеге жоғары болады — бұл еңбек министрлігінің болжамы.


Қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны 17,2 млн адамнан асады.