Шымкентте банк тонады деп қамалған жігіттердің туыстары шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте банк тонады деп қамалған жігіттердің туыстары шу шығарды

Шымкентте банк тонады деп қамалған жігіттердің туыстары шу шығарды

Шымкентте «банк тонады» деген күдіктілердің туыстары Ішкі істер департаменті алдында шу шығарды. Айтуларынша, темір тордағылар тәртіп сақшыларының қысымына шыдамай, істемеген қылмысты амалсыз мойындаған. Былтыр желтоқсан айында Шардарадағы ірі банк филиалынан 63 млн теңге ұрланып, күдікті ретінде осы бөлімшенің 7 қызметкері ұсталған еді.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

«Банкті тонады» деп айыпталып, темір торда қамалғандардың жақындары Ішкі істер департаментінің алдына жиі жиналатын болған. Әр келгенде айтатыны біреу: күдікті деп ұсталғандың ешқандай кінәсі жоқ. Елді дүрліктірген қылмысты жабу үшін полицейлер болған жәйтті бұрмалап, банк қызметкерлерінің өзін ұрып соғып мойындатыпты.

Шардарбек Шатырбаев, күдікті Е.Мінайдаровтың әкесі:  

-Ұрып соғып, укол салып одан кейін диктовать етіп тұрған бұларға мынандай қып істейсің, мынандай қып айтасың, айтпасаң я әкең көрмейді, не шешең көрмейді. Сенің анау ініңді де анадай тентіретеміз.

Тәртіп сақшыларының тепкісі туралы туыстарға күдіктілердің өздері айтыпты. Тіпті, қолдарында жақындарының абақтыда жазып берген қағаздары да бар. Ішкі істер өкілдеріне келе беретіні де содан екен.


Ұлболсын Сейдаева, күдікті Е.Қасымовтың анасы:

-5 баланың дәлелдемелері 5 түрлі жазылған. Ешқайсысы бір-біріне келмейді. Бір-біріне айдап салып, Ержан сені Ержігіт сені айтып тұр ғой. Сен болыпсың ғой деген мақсатта сондай сөзбен бұларды неғып отыр.

Банк былтыр желтоқсан айында тоналған. Шардарадағы  бөлімшеден 63 млн теңге ұрланып, 27 жастағы күзетші күдікті ретінде қамауға алынған болатын. Ол 3 айдан соң мекеменің 6 қызметкерін қылмысқа қатысы бар деп полицейлерге ұстап берген.

-Алғашында қылмысын мойындаған қызметкерлер бір айдан соң айтқандарынан айнып қалыпты. Егер полицейлердің қылмысты күштен танғаны расталса онда өздері үлкен дауға қалғалы тұр. Қазір осыны прокуратура мен ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеруде.