Халықаралық тас жолды су шайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық тас жолды су шайып кетті

Халықаралық тас жолды су шайып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында халықаралық тас жолды су шайып кетті. Қазір Петропавлдың шетіндегі ықшамаудан тұрғындары аспалы көпірмен өтіп, көліктер тек айналма жолмен қатынап жатыр.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 325
Фото - Caravan.kz


Мамандар топан судың жолды шаятындығын  бір апта бұрын ескерткен болатын. Қазір салт атқа мінген тәртіп сақшылары саяжайларды аралап, тұрғындардың онда түнеп қалмауын қадағалуда. Өйткені қызылсу деңгейі бір түнде көтеріліп кету қаупі бар. Қала шетіндегі Заречный ықшамауданының тұрғындары да үйлеріне аспалы көпірмен жетіп жүр. Суы сағат санап көтеріліп жатқандықтан, оларға барлық керек-жарақ пен құжаттарды дайындап қою ескертілген. Сондай-ақ, мектепте азық-түлік пен дәрі дәрмек қоры жасалыпты. Қазір су шайған аймақтарға полицияның 10 қосыны  қойылған. Олар көліктерді кері қайтарып, айналма жолмен өткізіп жатыр.