Тоқтап қалған қазақ көші қайта жанданбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқтап қалған қазақ көші қайта жанданбақ

Тоқтап қалған қазақ көші қайта жанданбақ

Бүгін Үкімет көші-қонға қатысты саясатын күтпеген жерден өзгертіп, батыл қадамға барды. Енді шетелден көшіп келетін оралмандарға Қазақстан азаматтығы 1 жылдың ішінде берілмек. Әрі қай облысқа баратынын қандастарымыз өздері таңдайды. Ал шенеуніктер жұмыс пен баспана мәселесін де, шешіп береміз деп уәдені үйіп төгуде. Алайда, елді елең еткізген бастамаға күдікпен қарап отырғандар бар.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

Моңғолиядан келіп Қазақстан азаматтығын ала алмай жүрген Шернияз Шұмахай бұл жаңалықты қуана қабылдады. Бірақ әлі сене алар емес. Өйткені 20 жыл бойы көк түсті төлқұжатқа қол жеткізе алмай діңкелеп жүр.

Шернияз Шұмахай, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Атым қазақ. Қазақ елім, қазақ жерім деп келдім. Маған шеттетіп бір құжатты бере алмай отырғанына ішім ашиды.

Енді Шернияз секілді оралмандарға азаматтық 1 жылдың ішінде берілуі міндет. Бұрын ол бақандай 7 жылға созылып,атамекенін аңсап келгендердің жүйкесін жұқартып соңы қып-қызыл дауға ұласатын. Ал мұндай шектен тыс бюрократияға бұдан-былай жол берілмеуі тиіс. Үкімет күтпеген жерден «Көші-қон» туралы заңға шұғыл өзгеріс енгізіп, қандастарымыздың азаматтық алу мәселесін ғана емес, мәртебесін де айқындап берді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

— Қазір егер де біздің қандастарымыз бүтін республиканың қайсы облысына барса да сол облыстарда оларға оралман мәртебесі беріледі.Енді қазір қабылданған шешімге байланысты азаматтар этникалық қазақтарға  ешқандай төлем қабілеті жөнінде дәлелдеме қажеті жоқ. 

Өйткені, бұған дейінгі заңда шетелден келген қазақтар Үкіметтің белгілеп қойған 7 облысына барулары тиіс еді. Сонда ғана оралман мәртебесі еш кедергісіз берілген. Ал басқа аймақтарға қоныс аударғысы келетіндер алдымен төлем қабілетін растауы қажет болған. Ол үшін банктегі есепшотында 2 жарым миллион теңге болуы талап етіліпті. Бұл шектеу де алынып тасталды.  Ендігі жерде қандастарымыз қай аймаққа барғысы келетінін өзі таңдайды. Еңбек күші аз қалаларға көшсе, жұмыс тіпті үй берілмек. Бір қызығы былтыр ғана заңға өзгеріс енгізіліп көшіп келген оралмандарға азаматтық 4 жылдан соң беріледі делінген еді. Сондықтан Еңбек министрлігінің бастамасына күдікпен қарап отырғандар бар.


Қайрат Бодаухан, оралмандардың құқығын қорғау ұйымының жетекшісі:

— Өйткені, квота деген міне, 3 жыл болды жоқ. Ағайындарға берілетін жәрдем, көмек деген жоқ. Ендігі мәселе  — тек қана келген соң азаматтығын беріп, қалай өмір сүрсе сүрсін демеу керек. Яғни, Қазақстанның толыққанды азаматы болған соң халықпен бірдей күнін көруге, еңбегін істеуге тиісті.

-Сондықтан атамекеніне оралып, жылдап азаматтық ала алмай жүргендердің енді жолы болуы тиіс. Қандастарымыз басталған істің қағазбастылыққа салынбай, жылдам жүзеге асарына да үміт артып отыр. Ал  елді елең еткізген Үкіметтің жаңалығынан соң, қазақ көші қайта жанданбақ.